1. Құрметті талапкерлер , ашық есік күніне келген кезде, өз мамандығыңызға бір қадам жасаңдар. Өте маңызды: оқу орны сізге ұнау керек, оған бару жолы ыңғайлы болу керек және де «болды,шаршадым, енді оқығым келмейді» деген ой ешқашан болмау керек!
2.Мамандықты және қызметті таңдағанда, оның әдемі және заманауи атауына қарамай, «сіз кімге оқисыз және кім болып шығасыз» деген сенімдік сезіммен қарау керек . Және де болашақта өзіңізге лайықты жұмысты қайдан таба алатыныңызды.
3.Қажеттілік деңгейіне, вакансия рыногына көңіл аударыңыз. Мамандық алу маңызды, бірақ әр студенттік күніңе өкінбей және күнделікті өзіңді көрсете алатын , жақсы жұмыс табу одан да маңыздырақ.
4.Мамандықты таңдаған кезде денсаулық өте маңызды рөл атқарады. Осыған назар аударыңыз! Осындай да болады: мамандықты игердіңіз ал медициналық комиссиядан өте алмадыңыз, өйткені бір кемшіліктер болды.
5.Мектепте оқып жүрген кезде, мамандықты таңдауға байланысты барлық психологиялық әдістерге, мектеп психологының ұсыныстарына назар аударыңыз. Сонымен сіздер білетін боласыңдар, қай салада сізге қызықты, ыңғайлы және де өз біліміңізді және қабілетіңізді барынша жүзеге асыра алатыныңызды.
6.Мектеп пәндері бойыншажетістіктеріңізге ата- аналармен бірге сараптама жасаңыздар, неге көңіл бөлу керек, нені «көтеру» керек туралы ойланыңыздар. Өйткені уақыт тез өтеді және көбісі ұмытылады, бірақ ұлттық біріңғай тестілеу барлық оқу жылдарынан «сұрайды».
7.Әртүрлі сайыстарға, фестивальдарға, пәндік олимпиадаларға қатысуана назар аударыңдар, өйткені біраз ЖОО портфолио болғанын қалайды, ал кейбір оқу орындары пәндік олимпиада жеңімпаздарын конкурсыз қабылдайды.
8.Өз мінезіңе, темпераментіңе, болашақтағы өз мамандығыңның талаптарына сараптама жасау маңызды. Мінезі немесе темпераменті жұмыс істеген кезде кедергі, дискомфорт жасайды деген түлектерде жиі кездеседі.
9.Болашақ мамандықты таңдаған кезде өз еліңізде, тұратын аймағыңызда төлемақының орта деңгейіне сараптама жасаңдар.Жұмыс тек қана рақат емес жеткілікті табыс әкелуге тиісті. Төлемақы аз болғаны – бұл келешектегі отбасыдағы ұрыстар.
10.Бюджетке түсуге тырысыңыз, өйткені сізден аз ғана нәрсе керек: педагогтерден білім алу, емтиханды жақсы тапсыру, оқу орнына түсу. Бұл сіздердің туысқандарыңызға алдыңғы жылдарға бағасыз көмек және қолдау.