"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша бөлімі Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Свободное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9 сыныпта «Автопортрет» атты кәсіптік бағдар беру ойыны өтті.

 

Ойынның мақсаты – ойыншылардың әртүрлі мамандықпен байланысты адам образдарын және сыртқы мінездерін сәйкестендіру қабілеттерін сайық мазақ түрінде көтеру.

Әрқайсысы параққа өз өзінің суретін салу керек (автопортрет жасау). Жүргізуші автопортрет салынған парақтарды тез жинап алады да араластырады.

Содан кейін жүргізуші кез келген парақты ойыншыларға таратады.

Жаңа тапсырма: «Суретке мұқият қараңыздар, ойланып  көріңіздер, бұл қандай адам екенін,оның қандай қабілеті бар екенін, бірақ бұл адам кім екенін анықтамай-ақ қойыңдар. Автопортрет салынған парақтың келесі таза бетіне салынған адамға сіздің ойыңызша сәйкес келетін  бір мамандықты  жазыңдар. Содан кейін парақты оң жақтағы көршіңізге беріңіз, ал сол жақтағы көршіңізден басқа парақ алып, дәл солай істеңіздер. Сонымен барлық парақтар шеңберден өту керек. Бір парақта мамандықтар қайталану мүмкін».

Содан соң жүргізуші парақтарды тез жинап, араластырады да қорытынды жасайды. Бірінші парақты алып, ойын қатысушыларына парақтағы сурет көрсетіліп, келесі бетіндегі мамандықтар оқылады. Осы ойында әр сурет – бұл ойыншылардың өз өздерін көрсету проекциясы, ал мазақ түріндегі суретті мамандықпен сійкестендіру – бұл мамандық белгісін тануға тағы бір қадам.

Педагог-психолог Сизоненко О.А.

Жаңартылған күні: 16.12.2019 19:46
Құрылған күні: 19.05.2020 13:02

Текст