Мақаланың тақырыбы, Заң тармағы Мазмұны Бала құқықтары туралы конвенция
27-бап (2) Ата-ана(лар) немесе балаға жауапты басқа адамдар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікте болады.
1-тарау. Жалпы ережелер 6) баланың заңды өкілдері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланы күтіп-бағуды, оқытуды, тәрбиелеуді, құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын ата-анасы, асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиеші, асырап алушы, оларды алмастыратын басқа да адамдар.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
27-баптың 2-тармағы Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы және міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамау.
1. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оқыту жөніндегі міндеттерін орындамауы үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
442-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы 1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде сағат 22.00-ден таңғы 6-ға дейін болуы –.
заңды өкілдеріне үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кәмелетке толмағандардың сағат 23.00-ден таңғы 6-ға дейiн заңды өкiлдерiнiң еруiнсіз үйден тыс жерде болуы заңды өкілдерге ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер заңды өкiлдерiне жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
62-бап. Ата-ананың балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
2. Ата-ана өз балаларын тәрбиелеуге құқылы және міндеті.
Ата-аналардың балаларын барлық адамдардан артық тәрбиелеуге құқығы бар.
Баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін басты жауапкершілікте болады.
3. Ата-аналар балаларының орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналар өз балаларының пікірін ескере отырып, балалары орта білім алғанға дейін оқу орнын және оқу нысанын таңдауға құқылы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ
Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер 122-бап.
1. Жасы он алтыға толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу, содомия, лесбиянизм немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, мұғалімі немесе Қазақстан Республикасының заңымен оны тәрбиелеуге жауаптылық жүктелген өзге де адам он алты жасқа толмаған адамға қатысты жасаған дәл сол әрекеттер - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер:
1) бірнеше рет;
2) екі немесе одан да көп адамға қатысты –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.