"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша бөлімі Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Свободное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жадынама

Ата-аналарға кеңес

1. ЖАҚСЫ ҮЛГІ КӨРСЕТІҢІЗ. Қорқыту, ұрып-соғу, психологиялық қысым, намысына тиу т.б жағдайды тым қиындатып жібереді. Сіздің балаңыз сіздің мінез-құлқыңыздан үлгі алып, ашуды басудын жолдарын үйренетін болады. Шекара орнатыңыз. Шектеулер баланы өзін-өзі басқаруға, өз эмоцияларын жүйелеуге үйретеді.

2. МЕКТЕПКЕ ЖИІ КЕЛУШІЛЕРДІҢ БІРІ БОЛЫҢЫЗ. Егер Сіздің балаңызда мәселелер туындап, өзін-өзі бағалауын төмендетуге әкелетін депрессиялық жағдайлар туындаса мектепке келіңіз. Мектеп әкімшілігі баланың жақсы оқуы және үлгерімінің жақсы болуы үшін жұмыс атқарады.

3. ТЕЛЕДИДАРДАН КӨРСЕТІП ЖАТҚАН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖАЙЛЫ БАЛАЛАРҒА АЙТЫҢЫЗ, теледидарды жай ғана сөндіріп тастамаңыз. Көп жағдайда кинолардағы зорлық-зомбылық ол адамдарды қызықтырып, олдардың көңілін көтеру үшін түсірілгендігін айтыңыз. Бұл дегеніміз бұндай мінез-құлық модельін күнделікті өмірде қолдануға болмайтындығын ескертіңіз.

4. «МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН»СӨЗІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЕСКЕРМЕУГЕ БОЛМАЙДЫ Кез-келген жастағы бала қолдауға зәру: сүйю, құшақтау, арқасынан қағу. Олар «Мен сенімен мақтанамын!» деген сөзді естігісі келеді.

5. ӨЗІҢІЗДІҢ БАЛАЛАРЫҢБЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖАЙЛЫ СӨЙЛЕСІҢІЗ

Олардың ашуы және уайымы жайлы сөйлесіңіз. Ата-аналар баларының уайымын тындай білуі керек және одан шығудың жолдарын көрсетуі қажет. Баларыңыз қалай қарым-қатынасқа түсетінін бақылаңыз. Егер балаңыз қысымға ұшыраса кек алу сезімін басуға тырысыңыз. Уақытты пайдаланып болған жағдайдың мән- жайын толық түсініңіз сосын барып балаңызға қалай көмектесе алатынызды ойластырыңыз. 7. Егер сіздің отбасыңыздың мүшесі немесе сіз жалғыздықты, махабаттың жақтығын,үмітсіздікті сезінсеніз және сізде спирттік ішімдікпен наркотикпен мәселеңіз болса- көмек іздеңіз. Көптеген зорлық-зомбылық оқиғалары наркотикалық және спирттік ішімдіктер ішетін адамдардан болады.

БАЛАҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ

1.Егер оған қауіп төніп тұрғанын сезген жағдайда балаңызға «Жоқ» деген сөзді айтуға құқығы барын үйретіңіз.

2. Балаңызға егер оны біреу ұстап алғысы келсе «Бұл менің анам емес!»(немесе «Бұл менің әемем емес!») деп қатты айғайлауға үйретіңіз. Бұл қоршаған адамдардың көңілін аудартып және қылмыскерді сескендіреді.

3. Балаңыз қайда кетіп бара жатқандығын, күнделікті жоспары өзгеріп жатса сізге хабарлауы тиіс және үйге қашан оралатындығын сізге телефон арқылы хабарлап айтып отыруға үйретіңіз.

4.Бала бақшадан мектептен балаңызды өзіңіз алып кетуге тырысыңыз. Егер оны алып кетуге басқа біреу келетін болса тәрбиеші мен мектеп мұғалімін ескертіп қойыңыз.

5. Балаңызға арнайы құпия сөз үйретіңіз және таныс емес адамның көлігіне егер құпия сөзді айтпаса отырмауын және мүлдем отыруға болмайтындығын үйретіңіз.

6. Кешкілік уақытта дастарымен қыдыру жалғыз жүргеннен әле қайда қауіпсіз екендігін айтып отырыңыз. Қылмыскерді әрқашан жалғыз жүрген балалар қызықтырады.

7. Балаңызға телефонды-автоматты(жедел) түрде қолдануды үйретіңіз. Балаңыз үй телефонын және көмек көрсету органдары телефондарын жатқа білуі тиіс. 8. Балаңызды арнай жылына бір рет фотоға түсіріп отырыңыз және бұл балаңыз жоғалып кеткен жағдайда жедел табуға көмектеседі.

9. Балаңызда қандай жағдай болмасын сізге келіп ашық айта-алатындай атаана болыңыз. Бала егерде жоғалып кетсе немесе оны ұрлап алып кетсе сіздің іздеуді тоқтатпайтыныңызға сенімді болуы және оны жақсы көретінізді біліп өсі қажет. 

Жаңартылған күні: 02.04.2021 10:32
Құрылған күні: 02.04.2021 10:32

Текст