Текст
«Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Свободный ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 5-11 сынып оқушыларымен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық сабақтары өткізіледі. Сабақтардың мiндеттерi: Оқушыларды спорттың әскери-қолданбалы түрлерiмен шұғылдануға тарту және насихаттау;
Әскердегі қызметке дайындық, күнделікті өмірде көмекке келуге дайындықты пысықтау;
Бастапқы әскери даярлық, саптық, атыс, медициналық даярлық бойынша қажетті білім мен іскерлік алу үшін жағдай жасау.