"Кітапты шын жүректен сыйла" акциясы

https://www.instagram.com/p/DezArCBM-44/ Смотреть на школьной странице Инстаграмм

Қазақстан Республикасының Республика күніне орай ұйымдастырылған «Оқитын ұлт» марафоны аясында «Свободное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де оқуды насихаттауға және кітап сыйлау мәдениетін дамытуға бағытталған акция өтті.

Акцияға қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарын таңдап, достарына, сыныптастарына сыйға тартты, ізгі тілектерін қалдырып, оқыған кітаптары туралы әсерлерімен бөлісті.

Әрбір сыйға тартылған кітап — жаңа білім, жарқын әсер және жаңа әлемді ашуға мүмкіндік!


Әлі пікірлер




Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу