Кітаптарға арналған бетбелгілер байқауы.

Мектеп кітапханасында оқулықтарды ұқыпты сақтау туралы әңгіме өткізілді. Оқушыларға оқулықтарды күтіп ұстау, беттерін бүктемеу және кітапқа жазбау керектігі ескертілді.

Әңгіме барысында кітап бетбелгісінің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Бетбелгі қажетті бетті тез табуға көмектеседі және кітаптың жақсы сақталуына ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушыларына шығармашылық қабілеттерін танытып, өз қолдарымен әдемі бетбелгі жасау ұсынылды. Мұндай жұмыс балаларды кітапты ұқыпты ұстауға және кітап оқуды сүюге тәрбиелейді.

Байқау жеңімпаздарына мектеп кітапханасынан грамоталар табысталды.

 


Әлі пікірлер




Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу