|
"Білім беру ұйымдарының білім |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 05.05.2026 № 117-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.06.2026 № 154-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
|
"Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Білім беру ұйымдары |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
Жоқ |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні; |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Қағаз жүзінде |
|
6 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
7 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
8 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
|
10 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
11 |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторландырылған субъектілер үшін қолжетімді. |
|
|