"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша бөлімі Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Свободное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балақайлар мектебі 07.08.2026

Бүгін бүлдіршіндеріміз ауылымыздағы амбулаторияға экскурсия жасап қайтты. Экскурсия барысында балалар медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысып, емханадағы бөлмелерді аралады. Дәрігерлер мен медбикелер балаларға бой мен салмақты қалай өлшейтінін, денсаулықты күтіп, тазалық сақтаудың маңызын түсіндірді. Балалар үлкен қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Сонымен қатар, жапсыру сабағында бүлдіршіндер «Қиялдағы мысық» тақырыбында шығармашылық жұмыстар орындады. Түрлі түсті қағаздан мысықтың бөліктерін қиып, ұқыптылықпен жапсырып, әрқайсысы өз қиялындағы ерекше мысықтың бейнесін жасады. Сабақ барысында балалардың ұсақ қол моторикасы, шығармашылық қабілеті, эстетикалық талғамы мен қиялы дамыды.
Бүгінгі күн балалар үшін қызықты да танымды, әсерге толы өтті!


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст