"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына
1-қосымша
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы; |
|
3 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі |
1 (бір) жұмыс күні |
|
4 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны |
Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде |
|
5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері |
Портал арқылы "жеке кабинетке" жүгінген жағдайда, қызмет алушыға ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына қабылдау және оқуға қабылдану туралы немесе осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген негіздер бойынша қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жолданады. |
|
6 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1. көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қызмет алушылардың құжаттарын қабылдау көрсетілген кестеге сәйкес 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
- порталға:
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздеме |
1. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
10 |
Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптары |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы, және бірыңғай байланыс-орталығы "1414", 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызмет алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" ақпарат сұралатын тұлғаның келісімімен, үшінші тұлғалардың электрондық сұранысы. |