Балақайлар мектебі

      

 

 

Балақайлар мектебі өз жұмысын жалғастыруда!
Бүгінгі сабақтарымыз қызықты да мазмұнды өтті. Балалар Сауат ашу негіздері, Математика негіздері, Сөйлеуді дамыту және Жапсыру оқу іс-әрекеттеріне белсене қатысты.
Сабақ барысында бүлдіршіндер әріптер мен сандарды қайталап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты, ертегілер әлеміне саяхат жасап, өз ойларын еркін жеткізуге машықтанды. Ал жапсыру сабағында түрлі-түсті қағаздан әсем гүлдер жасап, шығармашылық қабілеттері мен ұсақ қол моторикасын жетілдірді.
Әрбір бүлдіршіннің қызығушылығы мен белсенділігі қуантады. Балаларға алдағы сабақтарда да сәттілік тілейміз!


Әлі пікірлер




Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу