"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша бөлімі Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Свободное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» — КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП!

 «Свободное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

 Мектеп кітапханасында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақ, орыс және әлем әдебиетінің шығармалары ұсынылды. Мектеп фойесінде марафон туралы ақпараттық стенд безендіріліп, оқушыларға арналған ақпараттық материалдар орналастырылды.

Сонымен қатар «12 ай – 12 кітап» жобасы бойынша кітап бұрыштары жасақталып, әр сыныпқа ұсынылатын әдебиеттер тізімі мен QR-кодтар орналастырылды.

Марафонның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту және кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.


Әлі пікірлер




Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст