«Свободный орта мектебі» КММ-де сыныптың ата-аналарымен өткен бірінші ата-аналар жиналысы.

ыыыыыыыыыыыыыыыы

  Қазіргі таңда мектептер үшін ата-анамен жұмыс жүргізу басты бағытта. Бала тәрбиесінде ата-аналар да өздерінің баласы үшін басты педагог екенін естен шығармай, осы үрдісті үздіксіз жалғастыруға міндетті. Осы  орайда ата-анаға бағыт ,бағдар беруші ұстаздар. Бүгінді таңда ақпараттың кеңістік ауқымын кең жайып отырған заманда ата-ана жиналысын «дәстүрлі» түрде бір сарынды жүргізу өзінің маңыздылығын жойып келеді. Бүгінгі ата-ана мен кешегі ата-ананы салыстыруға болмайды. Заман талабына сай ата-ана тарапынан мектепке деген және мектеп тарапынан ата-анаға деген талап, сұраныс та өзгеріп келеді. Бүгінгі ата-ана мектепке қандай талап   қойып, сұраныс жасап отырғанын білу және келешекте ата-анамен байланысты  үздіксіз үдеріске айналдыру мақсатында «Свободный орта мектебінде 1 сынып ата-аналарымен жиналыс  өткізілді.   Ата-аналар жиналысы өте үлкен дайындықпен өтті.

Жиналыс   «Болашақ тәрбиеден басталады»  атты тақырыпта  ұйымдастырылды. Жиналысқа қатысқан ата-аналармен «Кір жуу» тренингінен бастап,  балалары туралы шағын мәлімет  шеңберінен аяқтады, яғни  ата-аналар  бір-біріне допты  беру арқылы  баласына байланысты сұрақтар қойылып оған жылдам жауап берілді.  Осылайша  ата-аналар  балаларына қатысты сұрақтарға жылдам жауап бере отырып өздерінің  шапшаң екендіктерін көрсете білді. 

Жиналыстың  екінші бөлімінде  ата-аналарға  «Жанұя»  туралы шағын мәлімет оқылып өтті.  Ата-аналарға проблемалық сұрақтар берілді, сұрақтарға  ата-аналар   жауап  беру барысында  бүгінгі таңда туындаған бала тәрбиесіне байланысты проблемалық сұрақтарды да өзара талқылап шешімін тапқандай болды.  Жиналыс соңында  қауіпсіздік ережелеріне тоқталып өттік.

Қорыта   келе, ата-аналармен жиналыс  ұйымдастыру  олардың өз пікірін білу, бала тәрбиесінде кездесін ортақ проблемаларды бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

                       Ата-аналар жиналысының ашылуы.